Logo

ПРОФСОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АСТАНЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!

Құрметті отандастар! Қадірлі әріптестер!


Қазақстан Республикасының маңызды мерекелерінің бірі – 25 Қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – мемлекеттік мәртебеміздің, ел бірлігі мен тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауымыздың айшықты белгісі.


Біздің Республикамыз – татулықты ту еткен, тұрақтылықты серік еткен, келешегі кемел мемлекет. Ел дамуының алтын қазығы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан барша ұстаздар қауымына ерекше алғысымды білдіремін.

Сіздердің еңбектеріңіз – Отанымыздың болашағына қосылған маңызды үлес.


Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміз өркендеп, Республикамыздың мәртебесі арта берсін!

Берекелі бірлігіміз жарасып, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!


Мереке құтты болсын!


Құрметпен,

Батыр Әлиев

Астана қаласының білім беру қызметкерлері

Кәсіподағының төрағасы