КӘСІПОДАҚТАР КҮНІМЕН!
Құрметті әріптестер, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенді мүшелері!
Сіздерді Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еңбек адамын қорғау мен қолдауда, әділдік пен ынтымақты нығайтуда маңызды рөл атқаратын ұйымның мерейлі күні.
Біздің басты мақсатымыз – білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, лайықты еңбек жағдайын қалыптастыру, әр ұстаз бен қызметкердің еңбегіне әділ баға берілуіне атсалысу.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен абырой тілеймін!
Бірлігіміз бекем, еңбегіміз берекелі болсын!
Құрметпен,
Батыр Әлиев,
Астана қаласы білім беру қызметкерлері
кәсіподағының төрағасы