Logo

ПРОФСОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АСТАНЫ

Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз мамандығы – адамзат өркениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан, әрқашан да құрмет пен қадірге ие ерекше кәсіп. Сіздердің жас ұрпаққа берген біліміңіз бен тәлім-тәрбиелеріңіз – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен педагогтік шеберліктеріңіздің арқасында еліміздің жас ұрпағы білімге құштар, елжанды, отаншыл болып өсуде. Әрбір шәкіртіңіз өз жетістіктерімен ұстаз еңбегінің өлшеусіз құндылығын дәлелдей беретініне сенім мол.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Қоғамдағы мәртебелеріңіз артып, еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін!

Ізгі тілекпен,

Батыр Алиев

Астана қаласының білім беру қызметкерлері

Кәсіподағының төрағасы