Сыңғырла соңғы қоңырау!
Құрметті ұстаздар мен білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздерді мектеп қабырғасындағы айтулы мерекелердің бірі – Соңғы қоңырау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ұстаздар үшін тағы бір оқу жылының жемісті аяқталғанын білдіретін ерекше сәт. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің, мейірім мен төзімнің арқасында мыңдаған шәкірт білім нәрімен сусындап, болашаққа сенімді қадам басуда.
Ұстаз еңбегі – қай кезде де өлшеусіз. Сіздер жас ұрпақтың бойына тек білім ғана емес, адамгершілік, парасаттылық, елжандылық сынды қасиеттерді де сіңіріп келесіздер. Оқу жылының аяқталуы – сіздердің табанды еңбектеріңіздің нәтижесі мен мақтанышы.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, шығармашылық шабыт және кәсіби табыс тілеймін! Жазғы демалыс кезеңі жаңа қуатпен, тың серпінмен қайта оралуға мүмкіндік берсін!
Ізгі тілекпен,
Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев